Әлем
Орыс православ шіркеуінің басшысы, патриарх Кирилл 6-наурыздағы уағызында Украинадағы ұрыс қимылдары туралы айта келе, Ресей басқыншылығын жанама түрде қолдайтынын аңғартты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Азаттық радиосына сілтеме жасап.
Патриархтың сөзінше, әлдебір қарау күштер сегіз жыл бойы Донбастағы тіршілікті жоюға ұмтылған. Оның сөзінше, Донбаста «гей-парад» өткізгісі келетіндер де әлемді билегісі келетін күштердің қолшоқпары.
Ресей православ шіркеуі бұған дейін Ресейдің Украинаға басқыншылыққа екіұдай көзқараста болып келген еді. Кейбір діни қызметкерлерлер бейбітшілікке щақырған ашық хатқа қол қойса, кейбірі биліктің ресми ұстанымын қолдаған.
Украина православ шіркеуінің (Мәскеу патриархаты) басшысы митрополит Онуфрий басқыншылықты алғашқы күні-ақ айыптап, Путин ағайынды бауырлардың бір-бірін өлтіретін әрекетін бастады деген болатын. Украина православ шіркеуінің кейбір епархиялары дұға кезінде патриарх Кирилдің есімін атаудан бас тартқан.
Украина президенті Владимир Зеленский де Украина шіркеуінің жексенбідегі дұғасында
«Жүздеген адамды өлтіріп, мыңдаған адамға қасірет әкелгендерді кешірмейміз. Құдай да кешірмейді. Бүгін де. Ертең де. Ешқашан. Қияметте алдарынан шығарады», – деп сөйлеген.