Bugin
Демалыс күндері Украина қалаларында ресейлік ұшақтар мен артиллериялар соққыларын жалғастырды. Алайда олардың құрлықтағы әскерлері жоспарлаған межелеріне жете алған жоқ. Бұл туралы Bugin.kz порталы Британ барлау қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
- «Соңғы күндері Харьков, Николаев, Чернигов және Мариупольге көбірек әуе шабуылдары жасалды. Ресейлік әскер осы уақытқа дейін жоспарланған мақсаттарына жете қоймады» - деп хабарлады барлау қызметі.