Bugin
Украина Мариуполь мен Вольновахадағы тыныштық режиміне кепілдік беруден бас тартты. Бұл туралы Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Мариупольден эвакуация автобустармен және жеке көліктермен жүзеге асырылады.
Украин тарапы Мариуполь мен Вольновахадағы тыныштық режиміне кепілдік беруден бас тартты, деп хабарлады Донецк Халық Республикасы халықтық милициясының өкілі Эдуард Басурин.
Украинаның Мариуполь билігі Ресеймен келіскен мерзімнен бір күн өткен соң қаланы эвакуациялау туралы хабарлады. Мариупольден эвакуациялау үш жерден автобустармен жүзеге асырылады, сонымен қатар қаладан жеке көлікпен шығуға болады.
- «Жоқ, украин тарапы (Мариуполь мен Вольновахада) тыныштық режиміне кепілдік беруден бас тартты» - деді Басурин «Россия 24» телеарнасының эфирінде.