Bugin
5 наурыз күні Түркістан қаласына Түркия Республикасының вице-президенті Фуат Октай келген болатын. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне арнайы ат басын бұрған Фуат Октай мырза бастаған делегация университет ұжымымен кездесу өткізді. Аталған жиынға облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы қатысты. Түркиядан келген қонақтарға алғыс айтып, марапаттау рәсімі кезінде Шөкеев қонаққа кигізу керек шапанды өзі киіп алған. Бұл туралы Bugin.kz порталы заңгер Айгүл Орынбектің Facebook парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Әкімнің шапан кигізу рәсіміндегі видео Түркістанға Түркия вице-президенті Фуат Октай келген кештен түсірілген.