Bugin

Белгілі тарихшы Қазақстан жеріне қатысты мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Белгілі тарихшы Сұлтанжан Аққұлұлы Qasqa Jol бағдарламасына берген сұхбатында Ресей президенті Путин тарихты бұрмалап, соғыс ашып отырғаны туралы айтты.

- «Егер саясаттанбаған шынайы тарихқа сүйенсек, кешегі Кеңес одағы құрамындағы мемлекеттердің – бүгінгі Тәуелсіз мемлекеттердің жер дауы болса, онда Қазақстанның Ресейден жер даулауына толық тарихи да, саяси да негізі бар» - дейді Сұлтанхан Аққұлұлы.

Тарихшы тіпті өз сөзін мысалмен дәлелдеді.

- «1917 жылғы 12 желтоқсандағы екінші жалпы қазақ құрылтайында Қазақ хандығының үйіндісі үстінен, соның жер аумағында Алаш ұлттық автономиясы құрылсын деп қаулы қабылдағанда сондағы автономияның жер көлемі 3,4 млн шаршы шақырым болатын. 1920 жылдың тамызында Кеңес Одағы орнап, Алашорда мен Кеңес Одағы басшылары бірнеше ай бойы келіссөз жүргізгенде қазақ ата-бабадан қалған шамамен 0,7 млн шақырым жерінен айырылды.

Ол қандай жерлер десек, 1920 жылға дейін Ақмола облысының құрамына кірген Омбы облысы, Алтай өңіріне қарасты Барнаул, Бийскі және Змеиногорскі ояздары. Ал Орынбор қаласының өзі орыс казактарының жері екені рас. Бірақ айналасының бәрі қазақтың ежелден келе жатқан ата қонысы. 1924 жылы Орынбор облысын Қазақстаннан бөліп алған кезде үш жыл бойына біздің жеріміз бен Башқұрстан, Татарстанның шектесетін аумағын Кеңес Одағы бізден жалға алған» - дейді тарихшы.