Bugin

Мереке жақындады: қыз-келіншектерге не ұсынуға болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

HUAWEI қазақстандықтарға 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай нәзік жандарға арналған сыйлықтың үздік үш идеясын ұсынады. Арнайы ұсыныстарға жұбайы немесе ғашығы үшін Freebuds Lipstick сымсыз құлаққаптары, қызы немесе жиені үшін HUAWEI Kids Watch 4 Pro және аналарға немесе әпкелерге арналған Watch Gt3 (42 мм) Golden Strap смарт сағаты кіреді.

Қазақстан мен Орталық Азиядағы Huawei Device директоры Фань Цзиньюн:

«Әлбетте, біз бұл мерекені ескерусіз қалдыра алмадық, сол үшін ең сүйікті жандарымызға арналған сыйлықтар бойынша өз ұсыныстарымызды айтуды жөн көрдік. Ең стильді және функционалды сыйлықтардың жоғарғы санатындағы маусымның үздігі - әдемі, есте қаларлық дизайны бар FreeBuds Lipstick ерекше құлаққаптары. Қалған екі сыйлығымыз да жақындарыңызды бей-жай қалдырмайтыны сөзсіз. Біздің құрылғылар бойжеткендер мен ханымдарға қамқорлық, жайлылық пен қауіпсіздікті сезінуге көмектеседі. Компания атынан нәзік жандыларды келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтай отырып, қуаныш, денсаулық, бақыт тілеймін!»

Стильді кейстегі сымсыз технология

Жаңа FreeBuds Lipstick сыйлық қорабындағы жасырылған жылтыр қызыл ерін далабы ретінде жоғары технологиялық TWS гарнитурасы. 2021 жылы әлем бойынша HUAWEI True Wireless Stereo құлаққаптарының жеткізілімі 69%-ға өсті, бұл бұл өнімді жоғары сұранысқа ие және қажетті аксессуарлардың біріне айналдырды.

Lipstick – Huawei FreeBuds желісіндегі шуды болдырмайтын технологиямен, сондай-ақ қимылмен басқару элементтері бар соңғы үлгі. Ханымдарға арналған өнім толық қуатталған қораппен 22 сағат музыканы ойнатуды немесе құлаққапты қуаттаған кезде шамамен төрт сағатты қамтамасыз етеді. Смарт гарнитура құлақтарыңызды демалу уақыты келгенде ескертеді және қоңырауларды қабылдау кезінде дыбыстың анықтығымен таң қалдырады. Бірақ, әрине, бұл аксессуардың басты ерекшелігі - оның ультра сәнді дизайны және тот баспайтын болаттан жасалған сәнді корпусы.

Кішкентай ханымдарға арналған қызғылт белдіктегі қауіпсіздік

Осы маусымның үздік үш сыйлығының келесі қатарында сіздің әпкеңізге, қызыңызға немесе жиеніңізге ұнайтын құрылғы бар. Жас ұрпақ 2-3 жастан астан балалар өмірін қызықты ғана емес, сонымен қатар, қауіпсіз ететін технологиялық құрылғыларға үйреніп кетті. Huawei Watch Kids 4 Pro – балаларды бақылауға арналған смарт сағат.

Ересектерге арналған смарт сағаттардан бұл модель мықты және көк немесе қызғылт түсті бауымен ерекшеленеді. 1,41 дюймдік экран балалар ойындары кезінде оны сынудан қорғайтын протектормен қоршалған.

Функцияларды іске қосу үшін құрылғыда анық көрінетін екі ғана түйме бар (Home и Fun Button). Интернетке кіру үшін сізге SIM картасы қажет, құрылғыны Wi-Fi желісіне де қосуға болады. Бірақ сағаттың негізгі функциясы үйден тыс жерде болған баланың қолында болуы болғандықтан олардың ұялы телефонында мобильді интернеттің қосылу болғаны керек. Орналасқан жерді бақылау функцияларынан басқа құрылғы балаларға арналған дене шынықтыру турнирлерінің функциясын ұсынады және тартымды дизайнымен қуантады.

Керемет көңіл күйге арналған көмекші

Премиум дизайн мен орташа бағадағы сыйлықтар тізіміндегі GT3 смарт сағаты спортпен шұғылданатын ханымдар арасында өзін танытып үлгерді. Қисық жиектері бар 1,32 дюймдік AMOLED түрлі-түсті анық және жарқын экраны сенсорлық қосу әрекеттерін қолдайды, сондықтан оған күн сәулесі жарқыраған кезде де қарауға болады. Сағат шетінде мәзірмен әрекеттесуге арналған жалғыз түйме бар. 

Сағат негізгі көрсеткіштерді қадағалауға, тамаша сағат бетін таңдауға және мақсаттар қоюға мүмкіндік беретін Health қолданбасы арқылы байланысады. Гаджет салауатты өмір салтының басты кілті болып саналады. Ол сізге белсенділікті, күнделікті қадамдық мақсаттарды, тыныс алу жаттығуларын, ұйқы уақытын, тіпті күлімсіреудің пайдалы артықшылықтары туралы да еске салады. Ол салауатты өмір салтын қалыптастырудағы әрбір белестерді, тіпті ең аз деген жетістіктерді атап өтеді.

Жүгіру, жүзу және велосипед тебу сияқты ең танымал спорт түрлері қолданбаға әдепкі бойынша енгізілген. Бірақ егер жекпе-жек өнері, би, роликпен сырғанау, арқан тарту секілді басқа спорттық хоббимен байланысты болса, оларды арнайы опцияны пайдалану арқылы сағатыңызға қосуға болады.

Көптеген заманауи құрылғылар сияқты Watch GT3 қандағы оттегі мен стресс деңгейін, дене температурасын, VO2 Max және жүрек соғу жиілігін өлшеп, әл-ауқаттың жан-жақты бейнесін береді.

2022 жылдың 4 наурызынан 13 наурызына дейін техникалық аксессуарлар мен гаджеттерді арнайы бағамен алуға болады: Freebuds Lipstick – 119 990 теңге, HUAWEI Kids Watch 4 Pro – 89 990 теңге және Watch Gt3 (42 мм) алтын бауы бар смарт сағаттар – 129 990 теңге. Сондай-ақ осы кезеңде HUAWEI nova 9 жаңа смартфонын сатып алғанда, Freebuds Lipstick және Kids Watch 4 Pro өнімдерінің кез келгеніне 50%-ға дейін жеңілдік беріледі.