Bugin
Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің үшінші раунды бүгін өтеді. Бұл туралы Bugin.kz порталы украиндық «Страна» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Украин делегациясының мүшесі, биліктегі «Халық қызметшісі» партиясының парламенттік фракциясының жетекшісі Давид Арахамия келіссөздер Польша-Беларусь шекарасында өтетінін айтты.
Кездесу сағат 15:00-де басталады. Ресей делегациясының мүшесі, Мемлекеттік Думаның халықаралық істер жөніндегі комитетінің басшысы Леонид Слуцкий YouTube желісіндегі Соловьев тікелей эфирінде алдағы келіссөздер туралы ақпаратты растады.
Ресеймен келіссөздердегі украин делегациясының мүшесі, Жоғарғы Радада билік ететін «Халық қызметшісі» фракциясының жетекшісі Давид Арахамия Киевтің келісе алмай отырған шарттарын атады.
- «Келісімге келмейтін екі бөлік – Қырым мен екі республика. Ресей олардың тәуелсіздігін мойындауды талап етеді, бірақ бұл Украинаның бір бөлігі, әрине, бұл ұстаным украин қоғамы үшін қолайсыз», - деді Арахамия.