Bugin
24 ақпан мен 7 наурыз аралығында Ресейдің 12 мың жауынгері қаза тапты. Мұны Украинаның Қарулы күштерінің Бас штабы мәлімдеді.
УҚК-нің мәліметінше, Ресей әскерінің 290 танкісі, 999 әскери брондалған көлігі, 117 артиллериялық жүйесі, 50 дүркін атыс реактиві, 23 ПВО құралы, 46 тікұшағы мен 454 әскери көлігі, 3 кемесінің көзі жойылған.
"Мәліметтер әлі де толықтырылу үстінде. Ел аумағында әскери қимыл шым-шытырық жүріп жатыр", - деп мәлімдеді Украина Қарулы күштері.
Ресей оккупанттары 7 наурыз күні түнімен Чернигов, Харьков, Николаев қалаларын бомбалаған.