Спорт

Александр Винокуров IRONMAN әлем чемпионатында 10 үздік спортшының қатарына кірді

Олимпиада чемпионы Гавай аралында өткен әлем чемпионатында 7 орынды иеленді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Гавайдағы Каилуа-Конада ұзын триатлон бойынша жылдың негізгі оқиғасы - IRONMAN әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Оған үш қазақстандық қатысады (төртінші спортшы стартқа шықпады). Негізгі қатысушылардың бірі олимпиада чемпионы Александр Винокуров  7 орынды иеленді.

Гавайдағы IRONMAN чемпионаты - әлемдегі ең күрделі жарыстардың бірі. Негізгі қиындықтар - жоғары ылғалдылық, ыстық ауа, жел мен ыстық асфальт. Бұл жарысты нағыз сынаққа айналдырады. 

Дәстүр бойынша, барлық қатысушылар 3,8 шақырым жерді жүзіп, 180 километр вело кезеңнен кейін 42,195 шақырым жүгіру керек. 

Винокуров бірінші кезеңді 1:13:52 уақытта жүзіп өтті. Осылайша ол 45-49 жас аралығындағы қатысушылардың ішінен 212-ші болды. Алайда велосипед жарысына келгенде олимпиада чемпионы қалып қалған 23 минутын қуып жете алды. 180 шақырымды 4:18:06 уақытта келген Винокуров бірінші болып келді. 

Дегенмен марафонда алдыңғы орынды қанжығасына байлай алмады. Көрнекті спортшы 3:33:35 уақытта 42,195 шақырымды жүгіріп шықты. Соңғы нәтиже бойынша Винокуров жетінші орынға ие болды. 

Сонымен қатар жарысқа тағы екі қазақстандық - Екатерина Шатная және Нағима Керімбаева да шықты. Қазіргі уақытта олар марафонды жалғастырып жатқандықтан, нәтижесі аяқталғаннан кейін мәлім болады. 

15 адам қатысқан турнирдің негізгі идеясы - жүзуші, велосипедші мен марафоншылардың арасында ең үздік спортшыны анықтау болды. Содан бері IRONMAN жеке спорт түріне айналды.

Ұйымдастырушылар спортшылардың көп келуінен іріктеу ережелерін күшейтуге мәжбүр. Бұл көбіне қауіпсіздік үшін жасалады. Слотты алудың кейбір әдістерін алып тастады. Лотереялар мен аукциондар әлі де жүргізіліп тұрады, бірақ жолдаманың құны Алматының орталығында жаңа пәтердің бағасымен тең. 

 

 Сурет автры: Qazaquni.kz