Bugin

Ресей өзіне "дұшпан елдердің" тізімін жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

РФ үкіметі "өзіне қас-дұшпан" елдердің тізімін (недружественные страны) жасады. Оны жасауға бұйрық берген – Ресей президенті В.Путин. Бұл жайлы ТАСС агенттігі жазды.

Ресейдің "қара тізіміне" ілінген мемлекеттер мыналар:

- Украина;

- Бүкіл Еуропалық одақ мемлекеттері (28 ел);

- АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Албания, Андорра, Исландия, Канада, Лихтенштейн, Микронезия, Монако, Жаңа Зеландия, Норвегия, Корея, Сан-Марино, Солтүстік Македония, Сингапур, Тайвань (Қытайдың территориясы, бірақ 1949 жылдан бері жеке үкіметі бар), Черногория мен Швейцария.

Бұл мемлекеттер – Ресейдің Украинада әскери операция бастауына қарсы шыққан, санкция салуға қатысқан және Ресейдің әрекетін қаралаған елдер.

Аталмыш тізімде Қазақстан жоқ.

"Тізімге енген елдерге ресей компаниялары мен ұйымдарының кейбірі қарыз. Сол қарызды ресейліктер рубльмен қайтарады", - делінген құжатта.

Айта кетейік, кредиторларға қарызды рубльмен қайтарудың өзі – наразылық болып саналады. Өйткені Ресейге доллар мен еуро валюталарын қолдануға шектеу қойылды. Ал Ресей рубль әлемде қолданысы аз валюталардың бірі саналады.