Bugin

Түркияда Ресей мен Украинаның министрлері кездеседі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Түркияда өтетін дипломатиялық форумда кездеспек. Бұл жайлы РФ СІМ ресми өкілі Мария Захарова мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Түркия көшбасшысының бастамасы бойынша Анталья дипломатиялық форумы аясында Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебаның Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглудың қатысуымен кездесуі жоспарлануда", - деді ол.

Ресей президенті В.Путин мен Түркия президенті Т.Ердоған жақында телефонмен сөйлескен еді. Бұл кездесуді жол кезде жоспарлаған екен.

Ал Анталья форумы 11-13 наурыз күндері өтеді.

Айта кетейік, 24 ақпан күні таңертең Ресей әскері Украина территориясына басып кірген еді. Әлем елдері мұны "басқыншылық соғыс" деп атаса, Ресейдің өзі мұны "Украинаны азат етуге арналған әскери операция" деп атап отыр. Бұған дейін украин мен ресей елшілері екі рет кездескенімен, одан түк шықпады.

Соғыс қимылдары әлі жалғасуда.