Әлем
Украина мұсылмандары діни басқармасының мүфтиі шейх Саид Исмагилов Ресейдегі мұсылмандарды соғысқа қатыспауға шақырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы orda.kz сайтына сілтеме жасап.
«Мен сіздерді, Ресей мұсылмандарын, бұл соғысқа барлық жағынан қатыспауға, Путиннің билігін қолдамауға шақырамын», – деді Исмагилов.
Исмагилов ресейлік мұсылмандарды ана тілдерінен, құқықтары мен бостандықтарынан айырылып жатқанын ұмытпауға шақырды.
«Мұсылман ретінде де, ұлт ретінде де жойылып жатырсыздар. Ресей – түрлі халықтардың түрмесі. Бұл жерде ресейліктер бізбен соғысып жатқанда, азаттық күресін бастаңыздар. Біз күресеміз, біз жеңеміз! Өз тағдырыңызды шешуге, еркіндікке, ұлттық, мәдени және діни болмысыңызды жаңғыртуға мүмкіндік бар. Біз, Украина мұсылмандары үшін дұға етіңіздер», – деп қосты ол.
Айта кетейік, Саид Исмагилов Донецк тумасы, ұлты татар. Саид Исмагилов діни қызметін 2002 жылы бастаған. Украиналық саяси бірлестігі партиясынан парламенттік сайлауға түсті. Ұзақ уақыт Донецк қаласында тұрған. Донбассты ресейлік әскерилер басып алғаннан кейін біраз уақыт өткен соң Саид отбасымен Киевке көшті.
Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.