Bugin
8 наурыз күні кешке Ресей президенті «Ресей Федерациясының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сыртқы экономикалық қызмет саласында арнайы экономикалық шараларды қолдану туралы» жарлыққа қол қойды. Қандай елдерге шектеу қойылатынын үкімет шешеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
8 наурыз күні кешке Владимир Путиннің жаңа жарлық шығарғаны белгілі болды. Құжатқа сәйкес, РФ Министрлер Кабинеті белгілейтін тізімге сәйкес шикізатты әкелуге және әкетуге тыйым салынады.
Ресей басшысы үкіметке бұл шектеулер қолданылатын елдердің тізімін жасау үшін екі күн берді.
Айта кетейік, Путин бұл жарлыққа АҚШ пен Ұлыбритания Ресейдің Украинаға басып кіруіне қарсы санкциялар аясында ресейлік мұнай мен мұнай өнімдерін импорттаудан бас тартқанын жариялағаннан кейін бірден қол қойды.