Спорт

ПСЖ Мбаппеге футбол тарихындағы рекордтық жалақы ұсынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Франциялық ПСЖ командасы шабуылшы Килиан Мбаппеге футбол тарихындағы рекордтық жалақыны ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Independent порталына сілтеме жасап.

Пари Сен-Жермен 23 жастағы шабуылшыға жылына 100 миллион еуро айлық беруге дайын. Бұл әлем футболы тарихындағы рекордтық жалақы болып тұр.

Осыған дейін әлемдік БАҚ Мбаппенің "Реал" сапына ауысатынын жазған болатын. Қазіргі уақытта Transfermarkt порталы бұл футболшыны 160 миллион еуроға бағалап отыр.