Әлем

Зеленский Украинадағы адамдардың өліміне батыс елдерін айыптады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина президенті Владимр Зеленский батыс елдері адамдардың өліміне жауапты екенін мәлімдеді. Себебі олар Украинаның әуе кеңістігін жауып, ұшақ беруден бас тартқан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Зеленский батыс елдерінің әуе кеңістігін жауып, Украинаны зымыран соққыларынан қорғай алатынын айтты.

Сөзінше, Украина 13 күннен бері құрғақ уәде алып келеді, ал кабинетінде отырған батыс елдерінің үкіметі шешім қабылдай алмай отыр. Сондықтан олар адамдардың өліміне жауапты.

«Осының барлығына 13 күннен бері батыста, кабинеттерінде отырып шешім қабылдай алмағандар жауапты», - деп мәлімдеді Зеленский.

Ол Украинаның НАТО-ға деген көзқарасы өзгергенін және Киевтің Брюссельден ештеңе сұрамайтынын айтты.

«НАТО-ға келер болсақ, ұйымның Украинаны қабылдай алмайтынын түсінген соң мен бұл сұраққа көңіл аудармаймын. Ұйым Ресейге қарсы келуден қорқады», - деді Зеленский. 

Айта кетейік, бұған дейін Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичтің Зеленскийге үндеу жолдағанын хабарлаған едік. Ол Зеленскийден қантөгісті тоқтатуды сұраған.