Әлем

Зеленский Ресейді келіссөздердің жаңа раундын өткізуге шақырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Владимир Зеленский сейсенбі, 8 наурыз күні кешкі видео үндеуінде Украинадағы жағдайды реттеу үшін Ресейді тағы да келіссөздер жүргізуге шақырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Видео үндеу Президенттің Telegram-каналында жарияланды.

«Соғыс аяқталуы керек. Біз халықтың мүддесі үшін келіссөздер үстеліне отыруымыз керек. Алайда оның адал өтуі маңызды», - деді Зеленский.

Ресей мен Украина бұған дейін келіссөздердің үш кезеңін өткізген болатын. Екінші раунд барысында тараптар азаматтарды эвакуациялау, азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізу үшін гуманитарлық дәліздерді бірлесіп қамтамасыз ету туралы келісімге келді, бірақ гуманитарлық дәліздер толық жұмыс істемеді.

Айта кетейік, Беларусьте 7 наурыз күні кешке Ресей-Украина келіссөздерінің үшінші раунды аяқталды.