Bugin

Ресейдің жаһандық интернеттен ажыратылуы Қазақстанға әсер ете ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Ресей жаһандық интернеттен ажыратылған жағдайда Қазақстанда байланыс нашарламайтынын айтты. Бұл туралы Bugin.kz порталы  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

– «Қазақстанның тек Ресей арқылы емес, әртүрлі торабы бар. Яғни Қазақстанға интернеттен толығымен ажырау қаупі ешқашан төнбейді. Бұл үшін уайымдамаңыздар», – деді Оразбек мәжіліс кулуарында.

Вице-министр "Қазақстанда интернет нашарлай ма?" деген сауалға да "жоқ" деп жауап берді.

– «Менің ойымша, нашарламайды. Өйткені Қытаймен арадағы тораптар бізге, мысалы, Еуропадан алатын трафикті сол көлемде алуға мүмкіндік береді», – деді ол.

Айтуынша, цифрлық даму министрлігі барлық ықтимал тәуекелді зерделеп, Қазақстанда интернетке қатысты айтарлықтай проблема болмайды деген болжамға келген.