Bugin

Белгілі кәсіпкер Мәсімов ісіне байланысты Тоқаевқа ашық хат жолдады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Осыдан 4 жыл бұрын банкир Ержан Тәтішевті өлтіргені үшін сотталған кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди президентке істі қайта қарауды сұрап, ашық хат жолдады. Бұл  туралы Bugin.kz порталы Kaztag.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Тоқмәдидің айтуынша, ҰҚК қызметкерлері оны қорқыту, ұрып-соғу, азаптау, отбасына моральдық-психологиялық қысым көрсету, сондай-ақ шоттарын жауып, мүлкіне тыйым салу арқылы кінәсін мойындатуға және іс жүргізу келісіміне қол қоюға көндірген.

Тоқмәди сол кездегі ҰҚК басшылығында отырған Кәрім Мәсімов пен Руслан Ысқақовтың мақсаты оппозиционер Мұхтар Әбілязовты тұтқындау және Қазақстанға экстрадициялау болғанын айтады. 

Әбілязов өзінің бұрынғы бизнес-серіктесі Тәтішевті өлтіруге тапсырыс беруші деп танылған болатын. Іс материалдары бойынша, ол Мұратхан Тоқмәдимен келісімге отырып, 2004 жылы желтоқсанда Тәтішевке аң аулау кезінде өлтірген. 

- «Мен 5 жылдан бері жасамаған қылмысымның жазасын өтеп келемін! Маған және менің жақындарыма көптеген азап келтірген осы оқиғаның барлығын Бас прокуратураның, ІІМ-нің, соттардың белсенді түрде жәрдемдесуімен Кәрім Мәсімов бастаған ҰҚК қызметкерлері тобы ойлап тауып, іске асырды. Олардың басты мақсаты Мұхтар Әблязовты экстрадициялау болды. Алайда, олар сәтсіз аяқталды және осы жылдың қаңтарында олардың барлығы қамауға алынды. Сондай-ақ көптеген қылмыстары туралы шындық біртіндеп белгілі бола бастады», – деп жазады Тоқмәди. 

Еске сала кетейік, 2007 жылы Тоқмәди Тәтішевтің абайсызда қаза тапқаны үшін рақымшылық жасау жазасынан босатыла отырып, бір жылға бас бостандығынан айырылған болатын.