Bugin
Ресейлік әскери қызметшілердің қолына Украинаның наурызда Донбасқа басып кіруді жоспарлағанын дәлелдейтін Украина ұлттық гвардиясының құжаттары түсті. Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрлігі ресми өкілі генерал-майор Игорь Конашенков мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы
- «Арнайы әскери операция кезінде ресейлік әскери қызметшілердің қолына Украина ұлттық гвардиясы қолбасшылығының құпия құжаттары түсті. Бұл құжаттар Киев режимінің 2022 жылғы наурызда Донбасқа басып кіруге жасырын дайындалғанын көрсетеді», — деді ол журналистерге.
Конашенков ақпанда батыс БАҚ-тары Киев билігінің Луганск және Донецск халықтық республикаларын басып алу жоспары жоқ екенін жарыса жазғанын айта отырып, оның бәрін жоққа шығарды.
- «Алайда Украина ұлттық гвардиясы құпия әскери құжаттарының түпнұсқасы бұл мәлімдеменің жалған екендігін растайды», — деді генерал.