Bugin
АҚШ қаржы министрлігі Ресейден мұнай импорттауға салынған тыйымның Қазақстаннан келетін мұнайға қатысы жоқ екенін түсіндірді. Бұл туралы Bugin.kz порталы АҚШ қаржы министрлігінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
– «2022 жылғы 8 наурыздағы «Ресей Федерациясының Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығына нұқсан келтіруге бағытталған күш-жігеріне байланысты кейбір импорт пен жаңа инвестицияларға тыйым салу» Жарлығымен (ЕО) Каспий мұнай құбыры консорциумы («CPC» мұнай құбыры бойынша мәмілелер) тыйым салмайды.
Каспий мұнай құбыры консорциумы сияқты тарату жүйелері шикі мұнайдың әртүрлі көздерін ажырата алады, бұл Ресей Федерациясынан тыс жерлерден шикі мұнайды бөлек сатуға және жөнелтуге мүмкіндік береді. 2022 жылғы 8 наурыздағы EA (Еуроаймақ) импортына тыйым салу Ресей Федерациясынан шыққан белгілі бір тауарларды Америка Құрама Штаттарына әкелуге қатысты және осы елден шықпайтын тауарларды, тіпті егер мұнай тауарлары Ресей арқылы транзитпен өтетін болса немесе Ресей Федерациясынан экспортталатын болса ондай тауарларды ипорттауға болмайды», – делінген АҚШ қаржы министрлігінің мәлімдемесінде.