Bugin

Айдос Сарым ресейлік әріптестерінің русофобия туралы мәлімдемесіне жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Депутат Айдос Сарым ресейлік саясаткер Геннадий Зюгановтың Қазақстанда орысфобиялық саясат жүргізіліп жатыр деген мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

- «Меніңше, Сыртқы істер министрлігі бұған қазір жауап бермеуі керек. Украина мен Ресей арасында қалыптасқан қазіргі жағдай – соғыс. Ол әр ескертуге жауап беріп, қабылдау дәрежесін сезімталдық шегіне дейін жеткізудің нәтижесінде пайда болды. Біз бұл шекті отқа, ядролық градацияға дейін көтермеуіміз керек. Ресейлік депутат бір нәрсені айтса, оған қазақстандық депутат жауап береді – бұл қалыпты деңгейдегі диалог» - деді мәжілісмен.