Bugin
Ұлыбритания Ресейдің бір ұшағын ұстады. Бұл туралы Bugin.kz порталы РИА Новости сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Еске сала кетейік, Британ билігі патшалықтың әуе кеңістігінде болған кез келген ресейлік ұшақты ұстау құқығына ие болғанын хабарлады.
- «Мен кез келген ресейлік ұшақтың Ұлыбританияның әуе кеңістігіне кіруін қылмыстық құқық бұзушылық деп санаймын. Енді Британ үкіметі бұл ұшақтарды ұстай алады», - деп жазды Ұлыбританияның көлік министрі Грант Шаппс Twitter-де.
Жарияланған қаулыға сәйкес, Ресей Федерациясында тіркелген ұшақтарға Ұлыбританияға кіруге тыйым салынады. Санкцияға ұшырағандар да, Ресеймен байланысы бар деп есептелетіндер де иелік ететін, басқаратын немесе жалдаған ұшақтарға рұқсат етілмейді.