Bugin
АҚШ барлау қызметі Путин халықаралық санкциялардан туындаған экономикалық қиындықтар мен әскери сәтсіздіктерге қарамастан Украинадағы жағдайды одан әрі шиеленістіру мүмкін деп санайды. Бұл туралы Bugin.kz порталы УНИАН сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
- «Біздің сарапшылар Путиннің мұндай сәтсіздіктерге тосқауыл қоюы екіталай деп есептейді және ол Украинаны қарусыздандырудағы күш-жігерін еселей түсуі мүмкін», - деді Ұлттық барлау басқармасының директоры Аврил Хейнс.
Сонымен бірге, Орталық барлау агенттігінің директоры Уильям Бернс Путиннің «ашулы және ренжулі» екенін айтты.
- «Ол бейбіт тұрғындардың шығынына қарамастан, Украина армиясын талқандауға тырысатын шығар», - деді Бернс.
Қорғаныс министрлігі барлау басқармасының басшысы генерал Скотт Берриердің айтуынша, алдын ала болжам бойынша, бүгінге дейін Украинада жойылған ресейлік әскери қызметкерлердің саны 2 мыңнан 4 мыңға дейін жетуі мүмкін.
Украина Қарулы Күштері Бас штабының мәліметі бойынша, 7 наурызды қоса алғанда, жаудың жалпы жауынгерлік шығыны шамамен 12 мыңнан астам адамды құрады.