Bugin

Зеленский Канада парламентінің алдында сөз сөйлеуге шақырылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Канада үкіметі Украинаға жоғары мамандандырылған әскери техниканың жіберетін болды. Тараптар гуманитарлық көмек көрсету мәселесін талқылады. Бұл туралы Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо Twitter-де жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

- «Украина президенті Владимир Зеленскиймен сөйлестім. Мен оған Канаданың Украинаға жоғары мамандандырылған әскери техниканың тағы бір партиясын жіберетінін айттым. Біз Ресейге қарсы санкциялар мен Украинаға гуманитарлық көмек көрсетуді де талқыладық», - делінген хабарламада.

Сонымен бірге ол Украина президенті Владимир Зеленскийдің Канада парламенті алдында сөз сөйлеуге шақырылғанын атап өтті.

- «Канадалықтар украиндықтардың батылдығы мен төзімділігіне және ел президенті көрсеткен көшбасшылыққа тәнті болды. Олар енді Зеленскийдің жеке пікірін тыңдағысы келеді», - деп түйіндеді Трюдо.