Bugin
АҚШ-тың Ресейге қарсы салған санкциясын бұзған қытай компаниялары да "қара тізімге" енеді. Осылай деп мәлімдеді АҚШ-тың Сауда-саттық министрлігі, деп жазады The New York Times.
Құзіретті органның хабарлауынша, Ресейге халықаралық технологияларды сатуға, тасымалдауға болмайды. Ал онымен айналысқан кез келген компания АҚШ-тың санкциясына ұшырайды.
"Мәселен, жақында Қытайдың ірі SMIC атты концерні Ресейге заманауи технологиялық заттарды сатқаны үшін "қара тізімге" енгізілді. Енді бұл компания АҚШ-тың өнімдерін сатып ала алмайды", - деді 8 наурыз күні АҚШ-тың сауда министрі Джина Раймондо.
SMIC концерні – микросызба өнімдерін, жоғары технологиялық өнімдерді шығаратын Қытайдың ірі компаниясы.
Ал өз кезегінде бұл санкция Қытайдың ресми өкілеті "АҚШ-тың мемлекеттік мүддеге кедергі келтіруіне болмайды, елдің ішкі саясатына араласуына құқығы жоқ" деп уәж айтып отыр.
"Қытай өзінің компаниялары мен тұлғаларының құқығын қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін істейді. АҚШ Қытайдағы адам құқығына кедергі келтірмеуі тиіс", - деп мәлімдеді Қытай Сыртқы істер министрі Чжао Лицзян.
Айта кетейік, ЕуроОдақ елдері мен АҚШ әскери операция бастағаны үшін Ресейге қарсы санкция салған еді. Санкциялардың арасында Ресейге жоғары технология өнімдері мен әскери технологияларды сатуға тыйым салу бар.