Bugin

Ұлыбритания Украинаға қуатты қару-жарақтарын жіберді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлыбритания алғаш рет Украинаға қару-жарақ жібермек. Бұл жайлы Британияның Қорғаныс министрі Бен Уоллес айтты, деп жазады Evening Standard басылымы.

Оның айтуынша, ағылшындар украиндарға 3615 дана қару-жарақ береді: танкіге қарсы қару, мылтық, оқу дәрі мен байланыс құралдары. Ал ең бастысы – танкіге қарсы Javelin зымыранын біршама партиясын бермек.

Сонымен қатар Starstreak портативті зениттік зымырандарының тағы бір партиясын жеткізуді көздеп отыр.

"Бұл зениттік зымырандар украин аспанын берік қорғайтынына сенімдімін", - деген Бен Уоллес министрлер кабинетінің отырысында.

Айта кетейік, жақында АҚШ та Украинаға 20 мың қару-жарақ жіберген еді. Оның ішінде 17 мың танкіге қарсы зымыран мен 2 мың Stinger зенит ракетасы бар.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61