Bugin
Украина президенті Владимир Зеленский Instagram парақшасында Украинаның оңтүстік шығысындағы Мариуполь қаласының перзентханасына әуеден шабуыл жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
- «Орыс әскерлері Мариупольдегі перзентханаға әуеден соққы жасады. Үйінді астында адамдар қалды. Балалар зардап шекті. Бұл – жауыздық! Мұндай жағдайды әлем қашанға дейін елемей отыра береді? Әуе кеңістігін жабу керек. Кісі өлімін тоқтатайық! Бұл сіздердің қолдарыңыздан келеді. Адамдық қасиетті жоғалтпайық» - деп жазды президент.
Сондай-ақ Зеленский сау-тамтығы қалмаған перзентхананың видеосымен бөлісті.