Bugin
Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба мен Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бейсенбі күні Түркияда кездесуге келісті. Бұл туралы Bugin.kz порталы «Америка дауысы» сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл Ресейдің Украинаға басып кіруі басталғаннан кейін екі елдің сыртқы істер министрлерінің алғашқы кездесуі болмақ.
Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу дүйсенбі күні кездесудің Анталияда өтетінін және өзінің де қатысатынын айтты.
Ресей Сыртқы істер министрлігі кездесудің жоспарын растады.