Bugin
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Путинді қалай тоқтатуға болатынын талқылады. Бұл туралы Bugin.kz порталы Украина 24 басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
- «Мен Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен Украинаға қауіпсіздік пен гуманитарлық көмек көрсету жөнінде сөйлестім. Сондай-ақ, Путинді қалай тоқтатуға болатынын талқыладық» - деп жазды Блинкен Twitter-де.
Дмитрий Кулеба Блинкенге Украинаның қорғаныс қабілетін нығайту үшін қандай қадамдар жасау керектігін айтты.
- «АҚШ-қа Ресейге қарсы санкциялардың жаңа пакеті үшін алғыс айтамыз. Ресейге украиндықтарға қарсы агрессия мен соғыс қылмыстарын тоқтатқанша қысым көтерілуі керек» - деді Кулеба.