Bugin

Қазақстандық әуе компания Ресейге ұшатын рейстерінің бір бөлігін тоқтатты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық Air Astana әуе компаниясы және оған еншілес FlyArystan Ресейге ұшатын рейстерінің бір бөлігін тоқтатты. Әуе тасымалдаушы компания мұны «өндірістік себептермен» түсіндірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазір Air Astana Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Мәскеуге ғана ұшып жатыр. Қалған қалаларға рейс жоқ. Осыған дейін ресейлік S7 Airlines және Аэрофлот компаниялары да Қазақстан мен Ресей арасындағы рейстерін тоқтатқан. Бұған Украинаға байланысты батыстың Ресейге салған санкциясы себеп болған. Ал SCAT және Qazaq Air компаниялары әзірге Ресейге рейстерін тоқтатпағанын хабарлады.