Bugin

Алдағы уақытта кімнің жалақысы өсетіні айтылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2025 жылға дейін халық табысын арттыру бағдарламасы бойынша кімнің жалақысы көтерілетінін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Министрдің сөзінше, кедейшілік пен жұмыссыздық деңгейі бойынша талдау нәтижелеріндегі тұрақты оң динамикаға қарамастан, соңғы екі жылда халықтың ақшалай табысының өсу қарқыны 2019 жылғы 6,4 пайыздан 2021 жылғы 2,9 пайызға дейін баяулаған.

- «Сонымен қатар, еңбек етуден түсетін кірістің төмендеуі және әлеуметтік трансфеттердің кірісінің өсуі байқалады. Еңбек етуден түсетін табыстың үлесі соңғы он жылдағы 10,8 пайыздық тармаққа төмендеді, ал әлеуметтік трансфеттердің үлесі 10 пайыздық тармаққа өсті», - дейді ол. 

2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясында шаралар тікелей және жанама болып бөлінетіні де айтылды.

- «Тікелей шаралар - бюджет жұмыскерлерінің жалақысын көтеру және кірістердегі теңгерімсіздіктерді теңестіруге бағытталған. Жанамаға халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, кәсіптік дайярлау, қайта даярлау, кәсіпкерлікті дамыту және басқалады», - деді ол. 

Әлібек Қуантыров еңбек табысының өсуін қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, ғылым салалары жұмыскерлерінің орташа жалақысы көтерілетінін айтты.