Bugin

Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмек үшін қомақты қаржы бөлді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмек үшін 2,2 млн доллар бөлді. Бұл қаржыға 25 түрлі 82 тонна дәрі-дәрмек жіберілмек. Бұл туралы Bugin.kz порталы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

- «Басқа мемлекет ресми өтініш білдірген жағдайда Қазақстан дәстүрлі түрде гуманитарлық көмек көрсетеді. Украина тарапынан осындай өтініш түскеннен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев украин халқына гуманитарлық көмек көрсету жөнінде нақты тапсырма берді. Үкімет жанындағы Халықаралық гуманитарлық көмек көрсету мәселелері жөніндегі комиссия Украинаға жалпы құны 2 251 445 АҚШ доллары болатын 25 түрлі медициналық дәрі-дәрмек жіберу туралы шешім қабылдады. Гуманитарлық көмектің салмағы – 82 тонна. Қазір аталған жүкті межелі жерге жеткізу мәселесі пысықталуда. Жүкті Украина аумағына тікелей жеткізу мәселесі қауіпсіздік тұрғысынан өте қиын болып тұр. Осыған байланысты Қазақстан Үкіметі Украинаға жіберілген халықаралық гуманитарлық көмекті алу және бөлу хабтары орналасқан көршілес мемлекеттермен келіссөз жүргізіп жатыр», – делінген хабарламада.