Bugin

СІМ басшысы жауап берді: Солтүстік өңірге қауіп төнуі мүмкін бе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның солтүстік өңіріне Ресей тарапынан қауіп төнуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

СІМ басшысы Үкімет отырысынан кейін үзілісте журналистерге берген жауабында ондай жағдай болуы мүмкін емес екенін айтты.

«Өздеріңіз білесіздер, екі мемлекет арасында тиісті құқықтық база бар. Шекарамыз делимитациядан өткен. Қазір демаркация процесі жүріп жатыр. Демаркация дегеніміз - шекараны шегелеп, анықтау, белгілеу. Бұл процесс 2-3 жылда бітеді», - деді ол.