Bugin
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов Ресейден мамандар жаппай келген жағдайда қазақстандықтардың жұмыссыз қалмайтыны туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Қазақстан, Армения, Ресей, Беларусь және Қырғызстан – біртұтас экономикалық ұйым мүшелері, сондықтан олар бұл мүмкіндікті еш кедергісіз қолдана алады. Олар бұған дейін де біздің елде жұмыс істей алатын. Егер жаппай келетін болса, жұмыс орындарында бақылау өтеді. Бірінші кезекте біздің жұмыспен қамту орталықтары арқылы Қазақстан азаматтары жұмысқа орналастырылады», – деді ол.