Әлем
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comУкраина қарулы күштерінің подполковнигі Николай Кондрацкий автомат асынып, өзінің жақын бауыры – Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Анатолий Выборныйға үндеу жолдады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол екеуінің балдәурен балалық шақтарында соғыс ойнап, балық аулаған кездерін, бір-біріне қамқор болып өскендерін есіне алып, ал қазір інісінің ақшаға, қызметке сатылып, Отанына опасыздық жасап отырғанына өкпесі қара қазандай екенін айтады.
«Бауырым менің, балалық балдәурен шағымыз есіңде ме? Екеуміз соғыс ойнап, балық аулайтын едік қой. Саңырауқұлақ тергеніміз де есіңде шығар. Ол кез тіптен қызық еді ғой. Ата-әжеміздің басына баратын кездерді де ұмытпаған боларсың? Енді, бауырым, соның бәрі қайда қалды? Жаныңды жынға беріп қойғаның қалай? Отаның от пен оқтың астында қалғанда сен қалай тыныш жатсың? Орыстар саған ақшадан басқа не берді? Өмір өтеді, ақша кетеді, ал адамның жақсы аты мәңгі қалады. Соны қалай ойламайсың? Сен не бүлдіргеніңді білесің бе? Сенің жауға сатылғаның – сүйекке таңба, әулетіміз мұны кешіре ме?! Сен енді оны еш уақытта жуып-шая алмайсың», – деді подполковник.
Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61