Қоғам

Оқушылар қоғамдық көлікте тегін жүретін болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өңір тұрғындарының ұсыныстары мен талап-тілектері негізінде дайындалған бағдарламада Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларындағы мектептерде оқитын 1-11 сынып оқушыларының автобус, шағын автобус пен трамвайларда ақысыз жүруі қарастырылған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін 7-15 жас аралығындағы балалар жолақысының жартысын, яғни 40 теңге төлеп келген еді. 15 жастан асқан соң ел қатарлы 80 теңге төлеуге міндеттелді. Ал мамыр айынан бастап балалар мектеп бітіргенге дейін қоғамдық көліктерде тегін қатынайтын болды. Тек ол үшін "Avtobys" көлік картасын алып жүруі тиіс. Оны валидаторға жанастыру арқылы көлікпен жүрген балалардың есебі жасалады. Ал көлік картасы болмаса, 40 теңге төлеуге тура келеді.

Павлодар облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қанат Қашкировтің сөзінше, оқушылардың жол жүру ақысын тасымалдаушы компанияларға өтеу үшін облыстық бюжеттен 679 млн теңге қарастырылып отыр. Демек, балалардың жолақысын енді мемлекет өзі өтейді. Қазіргі уақытта тиісті құжаттарға өзгерістер енгізілуде. Содан соң мамыр айынан бастап балалар автобустар мен трамвайларда билет сатып алмай жүре алады.