Bugin

Түркістанға арнайы келген Польша елшісі қазақ халқына алғыс айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркістанға Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Селим Хазбиевич жұмыс сапарымен келді. Ол алдымен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Рашид Аюповпен кездесіп, екіжақты әріптестік жөніндегі мәселелерді талқылады. Рашид Аюпов елшіге Түркістан облысын дамыту бағытындағы жұмыстарды баяндап, экономикалық байланыстар мен әріптестікті нығайту жөніндегі ойларын айтты. Бұл жайлы ҚазАқпарат ХАА жазды. 

Түркістанда инвестиция салуға қолайлы жағдай жасалғанына тоқталып, Польша елінің кәсіпкерлерінің қатысуымен бизнес-форум өткізу жөніндегі ұсынысын жеткізді. Селим Хазбиевич Түркістан қаласында оң өзгерістерді аңғарғанын айтты.

"Шаһарларыңызға екінші рет келіп тұрмын. Дамып жатқаны байқалады. Польша мен Қазақстан арасында өте тығыз достық қарым-қатынас орнаған. Кәсіпкерлік саласындағы байланысты нығайтуға да мүмкіндік бар. Бизнес-форум өткізу туралы ұсынысыңызды қолдаймын. Бұл мәселеге арнайы тоқталып, жүзеге асыруға күш саламыз", – деген елші поляк пен қазақ халықтары арасындағы тарихи сабақтастық жөнінде ой қозғады.

Селим Хазбиевич Түркістан қаласында оң өзгерістерді аңғарғанын айтты.

"Шаһарларыңызға екінші рет келіп тұрмын. Дамып жатқаны байқалады. Польша мен Қазақстан арасында өте тығыз достық қарым-қатынас орнаған. Кәсіпкерлік саласындағы байланысты нығайтуға да мүмкіндік бар. Бизнес-форум өткізу туралы ұсынысыңызды қолдаймын. Бұл мәселеге арнайы тоқталып, жүзеге асыруға күш саламыз", – деген елші поляк пен қазақ халықтары арасындағы тарихи сабақтастық жөнінде ой қозғады.

"Мен біріншіден, қазақ халқына алғыс айтамын. Түркістанға келудегі басты мақсатым да – поляк халқының Қазақстан жұртшылығына деген ыстық ықыласы мен алғысын жеткізу. Өткен ғасырдағы қиын кезеңдерде қазақ даласына мыңдаған поляк азаматы күштеп көшірілді. Қазақ халқы оларды құшақ жая қарсы алып, бір нанды бөлісіп жеп, қамқорлық танытты. Түркістан өңірінде де поляк халқының өкілдерінің зираттары бар. Осы тарихи орындарды табуға көмектесіп, біздің тарихшылармен тығыз байланыста жұмыс атқарған азаматтарға Польша елінің "Opiekun Miejsc Pamięci Narodowej" медалін тапсыруға рұқсат етіңіздер", – деген ол.

Сондай-ақ, елші ұлттық ескерткіштерді қорғауға үлес қосқан Кентау қаласының тұрғындары Расылбек Өткелбаев пен Салтанат Дүйсенованы арнайы марапаттады.

Кездесу барысында Польшаның еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Селим Хазбиевичке Түркістан облысы атынан естелік сыйлықтар тапсырылды. Қонақтар да естелік сыйлығын ұсынып, екіжақты байланысты тереңдете түсуге уағдаласты.