Bugin

Тоқаев отандық брондалған көліктерді көріп қайтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы "Қазақстан Парамаунт Инжиниринг" зауытына барды. Бұл жайлы Ақорда хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев елордада брондалған дөңгелекті техника шығаратын және жаңартатын "Қазақстан Парамаунт Инжиниринг" зауытын аралап көрді.

Президентке отандық брондалған дөңгелекті машина шығару үдерісі көрсетілді және қазақстандық қорғаныс-өнеркәсіп кәсіпорны өнімдерінің көрмесі таныстырылды.

Мемлекет басшысына компанияның жұмысы мен отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің жағдайы жөнінде мәлімет берілді.

Зауытты аралап шыққан Қасым-Жомарт Тоқаев аталған саланы дамытудың перспективті бағыттарын айқындап берді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы отандық өндірушілерді қолдау қажет екенін атап өтіп, шығаратын өнімдерді техникалық тұрғыдан заман талабына сай жаңартуға шақырды.