Bugin
Киев мэрі Виталий Кличко мен оның ағасы Владимир «Украина 24» телеарнасының эфиріне шығып, Украина астанасының айналасындағы жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы УНИАН-ға сілтеме жасап.
Әкімнің айтуынша, екі апталық соғыс кезінде тұрғындардың жартысына жуығы Киевті тастап кеткен.
«Соңғы есептеулер бойынша, Киевтің әрбір екінші тұрғыны қаланы тастап кеткен. Қазір Киев халқы екі миллионға да жетпейді. Соған қарамастан Киев қазір бекініске айналды», - деді Кличко.
Оның айтуынша, ресейлік әскерилердің басты мақсаты – «билікті құлату» үшін астананы басып алу.
«Олардың жоспарлары біздің жігіттердің арқасында жүзеге аспай жатыр. Буча, Ворзель, Ирпень, Гостомельде қыңыр шайқас жүріп жатқан жерде біздің жігіттер Киевті қоршап алудың барлық жоспарын бұзып жатыр», - деді әкім.
Кличко әр түрлі мамандық иелерінің, соның ішінде музыканттар мен актерлердің қаланы қорғау үшін тік тұрғанын да атап өтті.
Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.