Bugin
Зейнетақы жинақтарын алып үлгеру үшін қазақстандықтар 28-29 наурызға дейін enpf-otbasy.kz платформасына өтініш беруі қажет, деп хабарлайды krisha.kz. Бұл туралы Bugin.kz порталы жазады.
«Отбасы банкінде» түсіндіргендей, өтініш екі жұмыс күні ішінде қаралып, БЖЗҚ-ға жіберіледі. Одан әрі қор бес жұмыс күні ішінде «Отбасы» банкінде немесе басқа жұмыс істейтін банкте ашылған арнайы шотқа ақша аударады.
Ақша 20 жұмыс күні ішінде арнайы шотқа түскеннен кейін өтініш беруші растайтын құжаттарды жүктеуі керек. Оператор оларды тексеріп, 10 жұмыс күні ішінде ақшаны алушыға (үй сатушысына) аударады.
Еске салайық, 1 сәуірден бастап жеткіліктілік шегі екі есеге жуық артады. Зейнетақы қоры өсім ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы және ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуіне байланысты деп түсіндірді.