Bugin

Қазақстанда баспана бағасы өсті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елімізде екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы рекордтық деңгейде қымбаттады. Бұған Ұлттық статистика бюросының мәліметтері дәлел. Бұл туралы Bugin.kz порталы «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бюро мәліметтеріне сенсек, ел бойынша 1 шаршы метрдің құны бірден 5,5 пайызға өскен. Бұл – соңғы 8 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Сонымен қатар, жаңа ғимараттардағы шаршы метрдің құны 0,4 пайызға қымбаттаған.

Қалалар бойынша жеке тоқталар болсақ, Нұр-Сұлтанда жылжымайтын мүлік бағасы 10 пайызға өскен. Мұнда шаршы метрдің орташа бағасы – 590 мың теңге. Алматыда пәтерлер шамамен 3 пайызға қымбаттаған. Ал Атырау мен Талдықорған қалаларында баға динамикасы өзгере қоймаған.

Бірінші несие бюросының сарапшылары бұл биылғы 20 ақпандағы деректер екендігін ескертеді. Қазіргі уақытта Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстар мен доллар бағамының өсуі бұл деректерде әлі көрініс тапқан жоқ.