Bugin
Бас прокуратура Иманғали Тасмағамбетовті тексеруді қолға алды. «Козачков офсайд» телеграм каналының ақпаратын «Чиновник.кз» каналы растады. Прокуратура Тасмағамбетовтің «Astana LRT» жемқорлық схемаларына қатысы болуы мүмкін деп санайды. Әрі осы мәселе бойынша Иманғали Тасмағабетовке сұрақтары бар. Бұл туралы Bugin.kz порталы Qazaqred Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Еске салайық, кеше бұған кереғар ақпарат шыққан. Самат Әбіш, Дариға Назарбаевалар ТАС-қа қарсы компроматтар жасағанын полковник, генерал-майорлар мәлімдеген. Осы ақпар пайда болған соң ТАС-ты айыптайтын материалдар шыға бастады.
ТАС ел ішінде абыройы бар саясаткер. Зейнет жасына шыға салып қызметтен кетті. Тоқаев оны қауіпті оппонент санауы мүмкін. Алайда ТАС-тың бұған дейін Назарбаевты "қазақтың 25 ханы жасай алмаған нәрсені істеп, елге тәуелсіздік әперді" деп жағымпазданғаны бар.
Биографиясы мен бэкграунды түрлі-түрлі болса да, оның 2024 жылғы сайлауға түсетін ойы бар сияқты. Ал Тоқаев содан қауіптенетіні, егер бәсекеге түссе, жеңілетіні анық.1311:56