Bugin

«Оператор РОП» ЖШС бұрынғы бас директоры қамауға алынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Оператор РОП» ЖШС  экс-бас директоры Светлана Коротенко 20 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Bugin.kz порталы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Экс-бас директор Светлана Коротенко 2016-2021 жылдар аралығында көлік құралдарын кәдеге жарату үшін жоғары баға белгілеу арқылы ақша жымқырды деген болжам бар.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері «РОП Оператор» ЖШС-нің бұрынғы бас директоры Светлана Коротенкоға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ол компанияның 20 миллиард теңгеден астам қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Енді соттың санкциясымен Коротенко қамауға алынды. Ол 2016 жылдан 2019 жылға дейін «Оператор РОП» ЖШС басқарған.