Bugin
Америкалық экономист Джеффри Сакс Spiegel журналына берген сұхбатында Ресейге қарсы санкциялар өз мақсатына жетпейтінін, тек Батысқа соққы беретінін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Маман Мәскеуге қарсы енгізілген шектеу шараларының тиімділігіне сенбейтінін атап өтті.
- «Мен оқиғалардың дамуын басқаша болжап отырмын: санкция Ресейден басқа елдің экономикасына теріс салдар әкеледі», - деді Сакс.
Экономист санкцияларды американдық сыртқы саясаттың типтік құралы деп атады. Сонымен қатар, олар жиі қолданылатынына қарамастан, шектеу шаралары сирек нәтиже береді, деп атап өтті маман. Мысал ретінде ол Иранға, Солтүстік Кореяға және Венесуэлаға қарсы салынған санкцияларды келтірді. Сарапшының пікірінше, оларға қарсы шектеу шаралары «өте сәтсіз болды».
- «Біз ол жақта режимдерді өзгерткен жоқпыз, енді біз әлдеқайда үлкен елді тізе бүктіргіміз келеді. Ресей – үлкен мемлекет, оның қарамағында 1600 ядролық оқтұмсықтар бар. Оны тізе бүктіру – шындыққа жанаспайды. Оны ойлап тапқандардың басында не жатқанын білмеймін», - деп түсіндірді сарапшы.
Ол сондай-ақ Ресей енгізілген шектеулердің салдарынан «аман қалады» деген пікірін білдірді.