Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАҚШ президенті Джо Байден Ақ үйде Колумбия басшысы Иван Дукемен келіссөздер кезінде Америка Құрама Штаттары Ресей агрессиясына қарсы күресте Украинаға қолдау көрсетуді жалғастыратынын және Украина ешқашан Ресейдің жеңісі болмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Bugin.kz порталы «Америка дауысы» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
- «Украина ешқашан Путиннің жеңісі болмайды. Мен Америка Құрама Штаттары мен әлем халқы өз елін қорғап жатқан украин халқын қолдауды жалғастырады деп ойлаймын», - деді Байден.
Ол бүгінге дейін АҚШ Украинаға қауіпсіздік саласында көмектесу үшін миллиард доллар бөлгенін еске салды.
- «Қазір қорғаныс техникасының жаңа түрлері сол жаққа жөнелтіліп жатыр», - деді АҚШ президенті.
Ол АҚШ енгізген экономикалық санкциялар «Ресей экономикасына нұқсан келтіріп отыр, ал рубль қазірдің өзінде құнының жартысын жоғалтты» деп қосты Байден.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61