Bugin

Зеленский Ресейдің Қорғаныс министрінің мәлімдемесіне жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей Қорғаныс министрінің биолабораторияға қатысты айтқан айыбына жауап берді. Ол Украинада бір де бір химиялық қару жоқтығын алға тартты. Бұл туралы Bugin.kz порталы 360tv.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Зеленскийдің айтуынша, Ресейдің мұндай мәлімдеме жасауы олардың әрекетіне күмән тудырады.

Айта кетсек, бұған дейін Донецк халық республикасының басшысы Денмис Пушилин Украинаға дрон арқылы қолданылатын химиялық қару жеткізілді деп хабарлаған. 9 наурыз Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі «украиндық ұлтшылдар арандатушылыққа баруы мүмкін» деп айтқан.

- «Бізді биологиялық қару жасап, химиялық шабуылға дайындалып жатыр деп айыптауда. Бұл мені қатты алаңдатады. Ресей бұқаралық ақпарат құралдарындағы айыптаулар мұндай әрекетке біз емес, керісінше олар баруы мүмкін екенін көрсетеді. Ресей әскерилері мен құпия қызметі осыны қалап отыр. Олар мұндай әрекетті өзге елдерде де жүзеге асырған. Алдымен осылай дүрбелең туғызады, артынша өздері ұйымдастырады. Егер тоқтатпаса олар мұны қайта-қайта жасай береді» - деді Владимир Зеленский.