Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comРФ президенті В.Путин мен Украинаның президенті В.Зеленский кездесуі мүмкін. Нақтырақ айтсақ, Кремль билігі Путиннің Зеленскиймен кездесуге қарсы емес екенін жеткізді. Бұл жайлы РИА Новости жазды.
"Путин мен Зеленскийдің кездесуі – мүмкін болар жағдай. Кездесуі де мүмкін. Бірақ ортада жүрген келіссөз делегациялары толық келісімге келіп, шаруаны түйіндеуі керек", - деді РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
"Ресей мен Украинаның президенттері кездесуі мүмкін" дегенді Түркия президенті әкімшілігінің ресми өкілдері де айтқан.
Тағы бір айта кететін дүние – Украина президенті В.Зеленскиймен РФ президентімен кездесуге дайын екенін бұған дейін де бірнеше рет айтқан. 3 наурыз бен 8 наурыз күнгі мәлімдемелерінде тұр. Алайда Путин тарапынан келісім болмады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61