Bugin

Еуропа елдері қазақстан тауарларына шектеу қоюға қатысты түсініктеме берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның Еуропа елдеріне жіберілген жүктері Нидерландының порттарында тұрып қалғаны, порттардың тауарды қабылдауға ниеті жоқтығы жайлы хабарлар тараған еді.

Алайда бүгін Роттердам қаласының (Нидерланды қаласы) порт иегерлері қазақстандық тауарларға шектеу қоймағаны, әдеттегідей қабылдап, қызмет көрсетіп жатқанын мәлімдеді. Бұл ақпарат Қазақстан Республикасының Нидерландыдағы елшісі Асқар Жұмағалиев пен Роттердам порты әкімшілігінің бас директоры Аллард Кастелейннің онлайн-кездесуінен белгілі болды.

Кездесу барысында қазақ елшісі Қазақстан үкіметінің Украинадағы дағдарысқа қатысты қандай позиция ұстанып отырғанын әрі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Украинағы гуманитарлық көмек жіберуге шешім қабылдағанын сөз еткен.

Өз кезегінде порт басшысы Кастелейн мырза қазақстандық тауарларды нидерланды әкімшілігі тарапынан ешқандай шектеу жоғын жеткізген. Бірақ қазір украина дағдарысына байланысты  жүк транзитін жүзеге асыру бойынша арнайы жұмыс тобы құрылғанын, мәселені әлі қарап жатқанын айтты. Әрі қазақстан-нидерланды арасында транспорттық логистиканы қалпына келтіруге атсалысатынын жеткізген.