Bugin

ЕуроОдақ Украинаға беретін көмекті екі есе көбейтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еуропалық Комиссия Украина көрсетілетін әскери көмекті екі есе көбейтуді мақсат етіп отыр. Яғни, осыған дейін 450 млн еуро берілген болса, тағы 500 млн еуро қосып берілмек. Бұл жайлы ЕуроОдақ елшісі Жозеп Боррель хабарлады, деп жазады Reuters.

"Украинаға көмекті күшейтуіміз керек. Оған анық сенімдімін. Еуропа елдері бұған қолдау білдіреді деп ойлаймын", - деді Боррель Версальдегі кездесуде.

ЕО сонымен қатар ресейлік олигархтар мен Ресей экономикасына қарсы қосымша санкциялар енгізуді қарастырып жатыр.

Айта кетейік, ЕуроОдақ 27 ақпан күні Украинаға 450 млн еуро көлемінде әскери көмек беруді мақұлдаған еді.

Сондай-ақ бүгін АҚШ Конгресі Украинаға $13,6 млрд көлемінде көмек қаржы беруді мақұлдады. Мұны CNN хабарлады.