Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАмманда өтіп жатқан жастар мен юниорлар арасындағы бокстан Азия чемпионатының жартылай финалы аяқталды. Бұл жайлы ҚазАқпарат ХАА жазды.
Финалда Қазақстан құрамасынан 27 спортшы өнер көрсетеді.
Ерлер арасындағы жастар турнирінде "алтын" алуға үміткерлер: Алмат Әбдуәлі (51 кг), Ислам Советов (67 кг), Егор Егоров (71 кг), Дәулет Төлемісов (75 кг), Сұлтанбек Айбарұлы (80 кг), Темірлан Мұқатаев (86 кг) және Ердос Шәріпбек (92 кг); әйелдер арасында – Томирис Мырзақұл (52 кг), Виктория Байдукова (54 кг), Ұлжан Сәрсенбек (57 кг), Бақыт Сейдіш (66 кг), Гауһар Шайбекова (70 кг), Аида Сәрібарова (75 кг) және Камила Бажбенова (81 кг).
Ерлер арасындағы юниорлар турнирінде өнер көрсететін боксшылар: Айдар Қадырхан (52 кг), Төрехан Сабырхан (57 кг), Ахмет Үсен (63 кг), Санжар-Әли Бегалиев (66 кг), Мұхаммед-Әли Жанболат (75 кг), Аслан Елдібайұлы (+80 кг); әйелдер арасында – Карина Тоқыбай (50 кг), Ұлдана Таубай (60 кг), Нұрсұлу Сүйенәлі (63 кг), Аружан Жанабаева (66 кг), Роксолана Валиева (70 кг), Шұғыла Нәлібай (75 кг), Кұралай Егінбайқызы (80 кг).
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61